Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар Республика күнін мерекелеуге байланысты қатарынан үш күн демалады. Ұлттық мереке 25 қазанда атап өтіледі. Биыл бұл күн жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасында қазан айында 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні болады. Алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған.
