Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді облысымыздың орталығы – Жезқазған қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тағдыры еңбекпен өріліп, тарихы тереңнен сыр шертетін қастерлі шаһарымыздың құрылғанына биыл 72 жыл толып отыр.
Ұлы даланың төсінде мыс өндірісінің іргесі қаланып, кеншілер мен металлургтердің маңдай терімен бой көтерген шаһар бүгінде Ұлытау облысының жүрегі, аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды орталығына айналды.
2022 жыл — Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес облыс орталығы атанған Жезқазған үшін жаңа белестің бастауы болды. Кешегінің даңқын бүгінгі жаңарумен сабақтастырған шаһар бүгінде қайта түлеп, жаңа тыныс алып, болашаққа нық қадам басып келеді.
Қадірменді жерлестер!
Қойнауы қазынаға толы шаһардың ең үлкен байлығы – Сіздер. Жезқазғанның әр жетістігінің артында маңдай терімен ел дамуына үлес қосқан өздеріңіздей еңбек адамдарының ерлігі жатыр.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бақ тілеймін!
Қаламыздың мерейі үстем, келешегі жарқын болсын!
Есет БАЙКЕН,
Ұлытау облысының әкімі.
