Ұлытауда Азия чемпионы дауыс берді

98 кг салмақ дәрежесінде самбодан Азия чемпионы Абылайхан Алшынбек спорттық додаларда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Ол Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінің тумасы.
Самбодан екі дүркін Азия чемпионы Абылайхан халықаралық жарыстар мен Қазақстан чемпионаттарында тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, Ұлытау өңірінің мақтанышына айналған. Ол Индонезияда өткен спорттық және жауынгерлік самбодан 98 келі салмақта үздік шығып, Әлем чемпионы атанған.

Спортшы Абылайхан Алшынбек бүгін сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады. Қазақ елінің көк туын халықаралық және республикалық жарыстарда аспандатып жүрген спортшы елдің болашағына жауапкершілікпен қарауды – азаматтық парызы деп есептейді.

«Спортта әр жеңіс еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Ел болашағын қалыптастыруда да әр азаматтың таңдауы маңызды», дейді ол.
Алшынбек Абылайхан Талғатұлы барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.