Спортшы Алшынбек Абылайхан өз азаматтық таңдауын жасады

Ұлытау ауданының тұрғыны, спортшы Алшынбек Абылайхан Талғатұлы бүгін сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады.

 

Қазақ елінің көк туын халықаралық және республикалық жарыстарда абыроймен көтеріп жүрген спортшы үшін елдің болашағына бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

«Спортта әр жеңіс еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Ел болашағын қалыптастыруда да әр азаматтың таңдауы маңызды», – дейді ол.

Алшынбек Абылайхан Талғатұлы барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.