Ұлытау ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін, 23 тамыз күні сағат 07:00-де Ұлытау ауданындағы 25 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындарды қабылдау үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскелерде сайлаушылардың өз таңдауын еркін әрі заң талаптарына сәйкес жасауына мүмкіндік берілуде.

Таңғы 7:00ден бастап аудан тұрғындары азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келуде. Әрбір азаматтың дауысы – елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудың маңызды көрсеткіші.

Ұлытау ауданының тұрғындарын белсенділік танытып, азаматтық міндеттерін орындауға шақырамыз!

Әр дауыс маңызды! Әр таңдау – ел болашағына әсер етеді!