Табиғатқа қамқорлық – ортақ міндет

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары аудандық орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, құстарға арналған ұялар (скворечниктер) орнату жұмыстарын жүргізді.

Бұл игі шараның мақсаты – құстарға қолайлы орта қалыптастырып, олардың санын арттыруға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосу. Жастар табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетіп, туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі. Бірге табиғатты қорғайық!