1 шілдеде жарық қымбаттамайтын болды

Энергетика министрі «1-ші шілдеден бастап тарифтерді өсіреміз», – деген ойынан айнып қалды. Бұған дейін ведомствоның өзі жарық бағасының көтерілетіні туралы хабарлама таратқан. Ақпарат қоғамдық талқылау үшін «Ашық» порталына шығарылып, артынша алынып тасталды.

Құжатта компаниялардың басым бөлігіне тарифті екі есе қымбаттатуға рұқсат берілген еді. Енді Үкімет болып, тарифті өсірмейміз деген пайымға келіпті.