Президент: Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтты.

«Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын: тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып өтемін. Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы даңғыл жолда берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Мемлекет басшысы.