Жәйрем – Қаражал – Атасу автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ұлытау облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» а/ж – Жәйрем – Қаражал – Атасу» автомобиль жолының 118 — 179 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайды.

Жөндеу жұмыстарына 38 бірлік арнайы техника және 48 маман жұмылдырылған.

Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:

– 25 шақырымда негізгі қабат төселді;
– 20 шақырымда асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді;
– 10 шақырымда асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселді.