Судағы қауіпсіздік — басты назарда

Полиция жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

— Тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылыңыз.

— Тыйым салынған және қауіпті аймақтарға бармаңыз.

— Ішімдік ішіп суға түспеңіз.

— Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

— Суда абай болыңыз, шамадан тыс тәуекелге бармаңыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары су айдындарында, жағажайлар мен демалыс орындарында үздіксіз профилактикалық рейдтер жүргізеді.

Жауапкершілік пен сақтық — өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі.