Дала өрті – қауіпті
Далалық, астық пен орман алқаптары көптеген ерекше жанғыш материалдарға толы және олар өрт пайда болуының негізгі көздері болып табылады.

Ауаның жоғарғы температурасы, құрғақшылық, аңызақ және күшті жел сынды Ұлытау ауданы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде өрттер жиі болады. Күн күркіреп тұрғанда, даламен орман найзағайдан да өртенуі мүмкін. Құрғақ маусымдағы ормандық және далалық өрттер кезінде тілсіз жау бірнеше шақырымға дейін таралып, 15-ке жуық өрт ошағы пайда болуы мүмкін. Ал далалық өрттер электр және байланыс желілеріне залал келтіреді. Кей жағдайларда қызыл от мал шаруашылық нүктелеріне ауысу қаупі туындап, адамдар мен мал шығыны болуы да мүмкін. Ауыл маңында мұндай төтенше жағдай көбінесе аптаның демалыс күндері мен табиғат аясында демалушылар демалғаннан кейін, дүйсенбіде тіркеледі.
Орақ басталғанға дейін барлық қатысатын тұлғалар өртке қарсы нұсқаудан өтуі тиіс, ал орақ жинау агрегаттары мен көліктері бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылады (барлық үлгідегі жер жыртатын техникалар – екі өрт сөндіргішпен, екі штык күрек және екі сыпырғышпен, тракторлар – бір өрт сөндіргішпен, бір штык күрекпен), жөнделген ұшқын сөндіргішпен және олардың тоқ алғыш, тұтану және майлау жүйесі ретке келтіріледі.
Астық пісетін алдында, астық өрістері орман алқаптарындағы, дала жолақтарына, автокөлік және темір жолдарына жапсарлас жерлерде кем дегенде 4 метрге орылады және жыртылады.
Сондай-ақ елді мекен тұрғындары орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаулары қажет. ҚР ӨҚҚ, ҚР орман кодексінің бұзылуын жіберген үшін, Ұлытау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексімен қарастырылған жеке жауапкершілік туралы ескертеді.
Ұлытау ауданы ТЖБ.