Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты болашақтың кепілі
Отбасындағы құрмет пен қамқорлық қоғамның берік іргетасын қалыптастырады. Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және отбасы институтын нығайту бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Осы мақсатта ұйымдастырылған флешмоб барысында тәртіп сақшылары отбасы, махаббат, мейірім, құрмет және сыйластық құндылықтарын бейнелеп, қоғамды зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
Әр үйде ырыс пен ынтымақ, береке мен бірлік орнасын!
