«Отбасы банк» жылдық бірыңғай мөлшерлемені 8,5% деп белгіледі

Енді ертеңнен бастап аралық қарыздың пайызы барлығына бірдей болады. Ал қарыз алу үшін талаптар өзгерген жоқ. Бастысы — екі шартты орындау қажет, біріншіден, үй құнының 50%-ын шотқа салу. Екіншісі – ақша банкте кемінде 6 ай тұруы керек. Бұл бағалау көрсеткіші кем дегенде 5-ке жетуі үшін қажет.

Мысалы, егер сіз 30 млн теңге несие алсаңыз, бұрынғы 7,5% бен қазіргі 8,5% арасындағы айырмашылық айына шамамен 12 000-20 000 теңге төңірегінде ғана болады. Сонымен қатар несиені өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлей аласыз. Бекітілген мөлшерлеме — жаңа немесе ескі үй алуға, жер телімін алу, үй салу және жөндеу жұмыстарына жүреді. «Өз үйім», «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы және «Әскери баспана» сияқты арнайы бағдарламаларға да қолданылады.

Ал егер сіз 4 маусымға дейін мақұлдау алып қойсаңыз, несиені бұрынғы шарттармен рәсімдей аласыз.Сондай-ақ салымшылар үшін мемлекеттік 20% сыйақы сақталады.