27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

2026-2027 оқу жылына құжаттар 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады. Өтінішті OQU платформасы арқылы онлайн және мектепке барып беруге болады. Балалар мектепке 6 жастан бастап, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

Ата-ана немесе заңды өкіл өтініші
№065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама
№052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты
3×4 өлшеміндегі 2 фотосурет

Айта кетейік, қабылдау кезінде емтихандар мен тестілеулер өткізілмейді.