Ұлттық тестілеу орталығы түлектерді алаяқтардан сақ болуға шақырды
Орталық мамандарының айтуынша, әлеуметтік желілерде «ҰБТ-дан өткізіп береміз», «грант алып береміз» немесе «тест сұрақтарының жауабы бар» деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатыр.

«Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз. Сонымен қатар әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз», – делінген орталық хабарламасында.
