Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары болып Шыңғыс Еркінұлы Қыдыров тағайындалды.

Шыңғыс Еркінұлы Қыдыров 1985 жылы дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Ғылым қоры» АҚ-да бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде, Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінде жұмыс істеген.
Бас сарапшы және басқарма басшысы лауазымдарын атқарып, басшылық қызметте тәжірибесі бар.
2021 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарды.