Борсеңгір-Теректі жолы жөнделуде
Ұлытау ауданына қарасты Борсеңгір–Теректі бағытындағы жолдың 15 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылып, дайындық және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2026–2027 жылдар аралығында толық аяқтау жоспарланып отыр.



Конкурстық рәсімдер нәтижесінде мердігер мекеме анықталып, тиісті келісімшарт жасалды. Бүгінде мердігер компанияға заң талаптарына сәйкес нақты міндеттер жүктеліп, жол құрылысының сапасы тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қоғамдық бақылау күшейтіліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерілуде.
