Сақтық шараларын ұмытпағаныңыз абзал
Білім беру орындарында үшінші тоқсанның аяқталып, оқушылардың көктемгі демалысқа шығып, жолаушылар поездтарында жүретін адамдар саны арта түседі. Осыған байланысты темір жол көлігі нысандарында қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Теміржол полициясы жолаушыларды сапар барысында белгіленген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау әр азаматтың міндеті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, теміржол нысандарында қауіпсіздік талаптарын сақтамау, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану немесе темекі шегу заңмен жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, жолаушыларға жүріп келе жатқан пойызға мінбеу немесе түспеу, вагон есіктеріне жақындамау, теміржол жолдарын рұқсатсыз кесіп өтпеу сияқты қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Ата-аналар балаларға теміржол маңында ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріп, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгені жөн.
Жезқазған станциясы желілік полиция бөлімі барлық жолаушыларды Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға және сапар барысында сақ болуға шақырады.
Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл станциясы ЖПб бастығы, полиция майоры.
