«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау ауданындағы кездесулері жалғасуда

Бүгін Қарсақбай кентіндегі колледж ұжымымен коалиция мүшелері мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен түсіндіріліп, оның ел дамуына қосар үлесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара түсіністік пен қолдаудың айқын көрінісіне айналды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірлерде жалғасып, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беруге бағытталған.