2026 жылдың еншісі: Цифрландыру және жасанды интеллект
Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына орай Қазақстан энергетикасында ЖИ-технологияларын кеңінен енгізу жұмыстары күшейтіледі. Энергетика министрлігі апаттылықты азайту, инфрақұрылым сенімділігін арттыру және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы цифрлық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Қазір салада үш негізгі жоба іске асуда:
– дрондар арқылы электр желілерін ЖИ көмегімен тексеру;
– жылу желілерін роботтандырылған құбырішілік диагностикадан өткізу;
– газ есептегіш көрсеткіштерін фотосурет арқылы автоматты танитын ЖИ-ассистент.
Пилоттық жобалар жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика жеделдеді, апаттылық төмендеп, ресурстар үнемделді.
2026 жылы бұл шешімдерді электр, жылу және газ салаларында ауқымды түрде енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ отандық ІТ-компаниялармен әріптестік нығая түседі.
Бұл бастамалар Қазақстан энергетикасын тұрақты, цифрлық және технологиялық тәуелсіз салаға айналдыруға жол ашады.
Өз тілшімізден.
