Ұлытау облысында аязды таңда жолда қалған жолаушыларға полиция көмектесті

Қызылорда қаласына бағыт алған автокөлікте бірнеше адам болған. Жаңаарқа елдімекеніне жетпей, көлік бұзылып қалған.

Осы кезде қызметтік борышын атқарып жүрген патрулдік полиция ротасының инспекторлары Еркебұлан Каріпбеков пен Еркебұлан Абжанов жолаушыларға дереу көмек көрсетті. Олар көлікті аудан орталығына жеткізіп, жөндеу жұмыстарына атсалысты.

Жолаушылар полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен жанашырлығын атап өтіп, шынайы алғыстарын білдірді.