Қаланың тазалығы – әрбіріміздің жауапкершілігіміз

Жәшіктің жанына тасталған бөтелке, пакет немесе темекі тұқылы — жай ғана қоқыс емес. Бұл — айналаға деген құрметсіздік әрі белгіленген талаптарды бұзу.

ЗАҢ — БАРШАҒА ОРТАҚ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтар мен скверлерді ластау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. (Адилет)

Алайда мәселе тек айыппұлда емес.

🌿 Таза көше — денсаулығымыздың кепілі.
🏙️ Таза қала — балаларымыздың жайлы ортасы.
🤝 Тазалық — әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Артыңыздан қоқыс емес, жақсы үлгі қалдырыңыз!

⚖️ Заңды сақтаңыз. Қала тазалығын бірге қорғайық!