Еңбегіне лайықты құрмет
Жақында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ұлытау ауданы бөлімшесіндегі кабель зақымдалуларын жою және кабель желілерін жөндеуді қамтамасыз ететін электр жөндеушісі Марат Жанабаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

Аталған марапатты Марат Бимырзаұлына Астана қаласында өткен жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған салтанатты кеште Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин табыс етті. Марат Жанабаев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ұлытау ауданы бөлімшесінде еңбек еткеніне де 40 жылға жуықтапты. Осыған қарағанда, оған берілген марапат – ерен еңбегінің еленгені, кәсіби іскерлігінің бағаланғаны.
Ендеше, көрсетілген құрмет ұзағынан сүйіндірсін!
Марапат, құтты болсын!
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
