Дастан Рыспеков кезекті жеке қабылдауын өткізді
Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің тұрғындарды жеке қабылдауы өтті. Бұл жолы өңір басшысына бес азамат жазылып, өзекті мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар жер телімін жекешелендіру, өнер және білім саласына қатысты түйткілдер, «Көші-қон» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамту, сондай-ақ кәріз желісі, жол инфрақұрылымы мен ыстық судың сапасына байланысты мәселелерді көтерді.


Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.


Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімінің жеке қабылдауына жазылу +7 (7102) 60-02-96 байланыс телефоны арқылы немесе E-otinish ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
