Аудан бюджеті бекітілді
Ұлытау аудандық мәслихатының кезекті XLI сессиясы өтті. Өкілді органның төрағасы Ахат Құрмансейітов жүргізу тізгінін ұстаған депутаттардың басты жиынына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасарлары Алмаз Қайырбек, Аян Әбжамалов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев, аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің, басқа да құрылымдардың жетекшілері, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері және жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «Ұлытау ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин), «Ұлытау ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасы туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин), «Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы» (хабарламашы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымбеков), «Аудандық мәслихат аппаратының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» (хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Ерназар) және «Аудандық мәслихат аппаратының 2026 жылға қаржыландыру жоспарын бекіту туралы» (хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Ерназар) мәселелер қойылып, жан-жақты қарастырылды.
Мәселелерді талқылау барысында депутаттар тарапынан туындаған орынды сауалдарға орнықты жауаптар беріліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беруі тиіс тұжырымдар жасалды.
Соның аясында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелерге қатысты сессияның оң сипатты шешімдері қабылданды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
