Ұлытау облысы әкімінің орынбасары лауазымына Нұртас Кәріпбаев тағайындалды

Нұртас Ғалымұлы 1986 жылы туған.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.

«Болашақ» бағдарламасын Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінде «Басқару және мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен аяқтаған.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Қарағанды облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.

2011 – 2013 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.

2022-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды.

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін сол комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары ретінде экономика, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мемлекеттік сатып алу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларына жетекшілік жасайды.