Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы

2025 жылғы 20 желтоқсан сағат 20:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 138-252 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін) жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 21 желтоқсан сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.