Ұлытау облысында «Жұмысшы мамандықтар» жылының жабылу салтанаты өтті
Бүгін Жезқазған қаласындағы «ЖІГЕР» спорт кешенінде «Жұмысшы мамандықтар» жылының жабылу салтанатты іс-шарасы аясында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. «Еңбек жолы» байқауы адал еңбекті дәріптеп, еңбек әулеттерінің сабақтастығын сақтауға, еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеуге бағытталса, «Парыз» конкурсы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге арналған.

Шара барысында облыс әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков, облыстық маслихат төрағасы Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов құттықтау сөз сөйлеп, конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады.

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары:
• «Үздік еңбек әулеті»:
• 1 орын – Мусабековтер еңбек әулеті, жалпы еңбек өтілі 205 жыл, сыйақы – 500 000 теңге.
• 2 орын – Иманнуровтар еңбек әулеті, жалпы еңбек өтілі 124 жыл, сыйақы – 300 000 теңге.
• 3 орын – Садуақасовтар еңбек әулеті, жалпы еңбек өтілі 55 жыл, сыйақы – 200 000 теңге.

• «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:
• 1 орын – Құрманбеков Дулат Серікбайұлы, сыйақы – 500 000 теңге.
• 2 орын – Есмгазин Марат Тілекенұлы, сыйақы – 300 000 теңге.
• 3 орын – Шайкемелова Күлаш Мырзахамитқызы, сыйақы – 200 000 теңге.

• «Өндірістің үздік жас маманы»:
• 1 орын – Төлегенов Ерлан Сәрсембекұлы, сыйақы – 500 000 теңге
• 2 орын – Сарыбаева Фарида Нүкісбайқызы, сыйақы – 300 000 теңге

«Парыз-2025» байқауының жеңімпаздары:
• Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын: «Қазақмыс Корпорациясы» (ірі), «Самға» (орта), «МАМАRАDА» (кіші)
• Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын: «МАKER» (ірі), «Казтехфильтр» (кіші)
• Үздік ұжымдық шарт: «Жайрем Марганец» (ірі), «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» (кіші)

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен олардың басшыларын марапатталды. Шара республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары, колледж студенттерінің шеруімен және «Тек алға!» музыкалық нөмірімен түйінделді.
