«Заң және тәртіп»: 5 жылда қылмыстық құқық бұзушылықтар 2 есе азайды
Сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі 80%-ға қысқарған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында жазды.

«Мемлекетіміз ұстанған «Заң және тәртіп» қағидаты қазірдің өзінде қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етіп отыр. Заңға бағыну мәдениетін орнықтыру қоғамды жаңа сапалық деңгейге көтереді», – деп жазды Ерлан Қарин.
