Ерлан Қарин: Ішкі саясат – мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының басты тірегі

«Егемен Қазақстан» газетінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің «Салмақты саясат қағидаттары» мақаласы жарияланды.

Мемлекеттік кеңесші мақаласында мемлекетіміздің ішкі саясаты әсірелеусіз, көзбояушылықсыз ретте­ліп отырғанын жазды. Заңға бағыну және қоғамдық ын­тымақтастық мәдениеті нығая түскенін атап өтті.

Сондай-ақ мақалада Ерлан Қарин жаңа құндылықтар жүйесі мен цифрлық этика мәселесіне де тоқталды.