Бейбіт Иманғалиев Ұлытау облысы бойынша «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» филиалының директоры болып тағайындалды

Бейбіт Ерқанатұлы 1985 жылы дүниеге келген.

Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін, Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласындағы жол құрылыс компанияларында бастаған.

2013 жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» және «Жол активтерінің сапасы» мекемелерінің әр түрлі лауазымында қызмет атқарды.

2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жетісу облысы бойынша «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» филиалының директоры болған.