Басқармада – жаңа басшы
Ұлытау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Ринат Алматов тағайындалды.

Ринат Оразалыұлы 1988 жылы дүниеге келген.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін және «Болашақ» университетін құқықтану және құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қаласындағы құрылыс компанияларында бастаған.
2018 жылдан бастап Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында әр түрлі қызмет атқарды.
2024 жылдан бастап Ұлытау облысының құрылыс басқармасы басшының орынбасары қызметінде еңбек етті.
