Таза Қазақстан – таза болашақ

«Таза Қазақстан» – елдің табиғатын ғана емес, қоғамның тәртібі мен мәдениетін қалыптастыратын бастама. Себебі тазалық – тек сыпыру мен жинау емес, бұл – жауапкершілік пен ұқыптылықтың көрінісі. Қай жерде тәртіп бар, сол жерде тазалық болады.

Бүгінде еліміздің әр аймағында жүргізіліп жатқан жұмыстар – экология мәселесіне көңіл бөлудің артқанын көрсетеді. Бірақ бұл бастама толық нәтиже беру үшін тек мемлекеттік деңгейде емес, әрбір азаматтың жеке үлесі қажет.

Қоршаған ортаны таза ұстау – болашақ ұрпақ алдындағы аманат. Табиғи ресурстарды үнемдеу, суды ысырап етпеу, қоқысты тиісті жерге тастау, жасыл желекті қорғау – бәрі қарапайым әрекет, бірақ үлкен мәдениеттің негізі.

Думан ЖҰМАНОВ,
«AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы.