Дастан Рыспеков Түркістандағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Түркістан облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты өңір басшысы Нұралхан Көшеровке көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қадірлі Нұралхан Оралбайұлы!
Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында орын алған қайғылы жағдай барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды.
Осы орны толмас қазаға байланысты өз атымнан және Ұлытау облысы халқының атынан көңіл айтамын.
Қайғы жамылған отбасыларға сабыр, күш-қуат тілеймін. Жарақат алған азаматтардың тез сауығып, қатарға қосылуына шынайы ниеттеспіз.
Қайғыны бөлісіп, Түркістан облысының халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.
