Нағыз еңбектің қадірі – жұмысшының маңдай терінде
Жұмысшы мамандық – ел дамуының нақты өлшемі. Қоғам қанша жерден цифрланып, автоматтанса да, шын мәніндегі нәтижені адам қолымен атқарылған еңбек береді. Әсіресе бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтар тек қара күшке емес, техникалық сауаттылыққа, дәлдікке, тәртіпке сүйенеді. Сол себепті бұл салада жүрген әр маман – кәсібилігімен, шыдамдылығымен, жауапкершілігімен ерекшеленетін тұлға.

Көп адам жұмысшы мамандықты екінші деңгейлі деп қабылдайды, ал шындық мүлде басқа: дамыған елдердің бәрінің іргетасы – мықты жұмысшы кадрлар. Өйткені өндіріс тоқтамаса, экономика да тоқтамайды. Ал экономиканы алға сүйрейтін – сол станок басында тұрған, темір құрастырып, дәнекерлеп, техниканы жөндеп, құрылыс салатын адамдар.
Жұмысшы мамандығын игерген адам өз еңбегінің нәтижесін көзбен көріп, ұстап, сезіне алады. Бұл – адамға ең үлкен мотивация мен ішкі қанағат сезімін сыйлайтын қасиет. Әрбір салынған үй, жөнделген жол, жасалған өнім – соның бәрі нағыз еңбектің жемісі.
Индира ИБРАЕВА,
Жезді кентінің тұрғыны.
