Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
Бұл туралы Мемлекет басшысының Ресей Федерациясына сапары аясында белгілі болды. Екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.

Сонымен қатар Мәскеуде Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашу жоспарланып отыр.
