Ұлытаулық спортшылар әлем чемпионатында бақ сынайды
1–5 қазан аралығында Грекия Республикасының Салоники қаласында самбодан әлем чемпионаты өтуде.

Халықаралық додада Ұлытау облысының намысын екі спортшы қорғайды:
Ислам Макажанов – жастар санатында;
Еркежан Наукенова – юниорлар санатында.
Ұлытаулық спортшылар әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізуге бар күш-жігерін салмақ.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Жеңіс жолы жарқын болсын!
