Спартакиададан жүлделі оралды
18–20 қыркүйек аралығында Жезқазған қаласында IV жазғы «ШАҢЫРАҚ» спартакиадасы өтті. Спорттық додаға Ұлытау облысының аудандары мен қалаларынан құралған командалар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынады.

Екі күнге созылған жарыс барысында қатысушылар футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, асық ату, бес асық, шахмат, дойбы, арқан тартыс жəне тоғызқұмалақ сияқты ұлттық жəне бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті.
Спартакиадада Ұлытау ауданының құрама командасы жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жалпыкомандалық есепте жүлделі III орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша I орын — Жезқазған қаласына, II орын — Сəтбаев қаласына, III орын — Ұлытау ауданының құрамасына бұйырды.
Аудан намысын қорғаған спортшылар əр спорт түрінде бар күш-жігерін жұмсап, командалық бірлік пен спорттық шеберліктің үлгісін көрсетті.
IV жазғы «ШАҢЫРАҚ» спартакиадасы – өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға жəне тұрғындар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Осындай бəсекелі додада бақ сынап жүрген Ұлытау ауданының құрама командасына келешекте де жеңістер тілейміз.
Өз тілшімізден.
