Президент барлық деңгейде қарқынды диалогты қолдауға уағдаласқанын жеткізді

«Өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар, цифрландыру, гуманитарлық ықпалдастық, сондай-ақ жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса мән бердік.

Күрделі халықаралық ахуалға қарамастан ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі жолында белсенді дамып келе жатқанына көңіліміз толатынын атап өттік».