«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
Аталған қолдау – облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ.

«Qarmet» компаниясы облыс аумағында темір және марганец кенін өндіретін «Өркен» ЖШС арқылы жұмыс істейді. Тараптар қол қойған өзара әріптестік ынтымақтастық аясында компания 2026–2028 жылдары қаладағы бірқатар әлеуметтік нысанды жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытуға қаржы бағыттайды.
Жоспар бойынша «Балбөбек» балабақшасын күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерге арнайы техника сатып алу және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту көзделген.
Компания сонымен қатар өңір жастарын спортқа тартуға бағытталған жобалар мен спорттық бастамаларды қаржыландыруға ниетті.
