ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Алдағы күндері ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды. Қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Дөңгелек, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтық деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер. Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, ара қашықтықты және маневр жасау ережесін сақтаңыздар», – делінген хабарламада.