«Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында іс-шара өтті
Жақында Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ауыл тұрғындарына және мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік» күнін өткізді.
Шараның мақсаты – архив қорларындағы дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мәдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Оған жастарды жұмылдырып, қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп отырған шара бұл.
Шараның негізгі жұмысы ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы жастар бойына сіңіру және өскелең ұрпаққа кеңінен тарату аясында ұйымдастырылды.
Шараға №1 Ұлытау тірек мектебінің 9-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, «Amanat» партиясы өкілі, ауыл тұрғындары қатысты. Жалпы қамтылған адам саны 48-ге жетті.
Шараны Ұлытау ауданының мемлекеттік архивінің басшысы Гүлмира Рыспаева салтанатты түрде ашып берді. Алдымен, келген архив қонақтарына ризашылығын білдіріп, тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған аудандық архив мекемесінің тарихына, маңыздылығына, қоғамдағы рөлі мен тыныс-тіршілігіне тоқталды. Содан кейін жұмыс барысына шолу жасап өтті.
Шарада архив қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы «Майдан хаттары» атты көрме ұйымдастырып, Ұлытау өңірінің рухани байлығының «Алтын қорын» құрайтын құжаттарды жарыққа шығарды. Оның ішінде, ауданымыздың құрылғаннан бастап даму кезеңдеріне дейін халықтың тұрмыс-тіршілігін айқындайтын құжаттар көрсетілді.
Бұдан кейін ауданымыздың Құрметті азаматтары және елге еңбегі сіңген тұлғалардың жеке тектік қор құжаттары бойынша шолу жасалды. Осы негізде тақырыптық фото құжаттық, құнды құжаттар сақталатын қоймаларға экскурсия жүргізілді.
Қарлығаш ІЗТІЛЕУОВА,
Ұлытау ауданының мемлекеттік
архивінің архивисі.