Облыс жастарымен кездесті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан ЕРМАХАНБЕТОВ Ұлытау облысының жастарымен кездесті. Ол биылғы жылы жоғарғы оқу орнын бітірген жас түлектермен мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар және оларға енгізілген өзгерістер нәтижесінде мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу жүйесін айрықша атап өтті.
Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдарында бүгінде 754 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Оның ішінде жастардың үлесі – 128 немесе 17% құрайды.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.
Бұл ретте, жастардың мемлекеттік қызметке келуін оңтайландыру мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізіліп, соның негізінде жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, жақсы бағамен аяқтаған (GPA 3.33 төмен емес) түлектер бір жыл ішінде қала және аудан, ауылдағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігін алды.
Гүлнара ТУСУПОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша
департаменті
мемлекеттік қызмет
басқармасының бас маманы.