Google деректерінің тарауына байланысты прокурорлар қазақстандықтарға құпиясөзді ауыстыруды ұсынды
ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиард Gmail қолданушысының деректеріне қол жеткізген. Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жасалған: алаяқтар Google қызметкерін алдап, жүйеге кірген.
Мамандар қауіпсіздік үшін құпиясөзді ауыстыруға, екі факторлы аутентификацияны қосуға, күмәнді қоңыраулар мен хаттарға сенбеуге және артық рұқсаттарды шектеуге кеңес берді.