Жол бейнеті жеңілдейді

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» 216-424 шқ. автожолын қайта жаңарту жұмыстары жоғары қарқынмен жалғасуда.

Қазіргі таңда атқарылған жұмыстар:
• Айлақ жолдар бойынша қозғалыс ашылды – 80 км.
• Жер жұмыстары – 1 800 мың м³ орындалды.
• Қосымша қабат жабыны – 29,5 км төселді.
•Қиыршық тас құм қоспасы С4 қабаты – 16 км төселді.
• Асфальт-бетон жабындысы – 15 км төселді.

Сонымен қатар, жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары да жалғасуда.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылуда.

Жобаның мерзімінде аяқталуы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.