Еңбек адамы – ел дамуының негізі
Қоғамның дамуы, елдің көркеюі мен тұрақты тіршілігі – ең алдымен қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері мен адал жұмысының жемісі. Олар көзге көп көріне бермейді, сахна сыртында жұмыс істегенімен, күнделікті өміріміздің барлық саласына үлес қосып келеді. Еңбек адамы – егін егіп, жер жыртқан диқан, таң атысынан күн батқанша құрылыс басында тер төккен құрылысшы, зауытта, кен орнында, жол бойында, мектепте, ауруханада тынымсыз еңбек етіп жүрген әр маман иесі.
Мұндай жандар – бейбіт күннің батырлары. Олардың арқасында ел экономикасы ілгері жылжып, ауыл мен қала дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бүгінде еліміздің кез келген жетістігінің түбінде осы еңбек адамдардың қажырлы еңбегі жатыр. Еңбек – адамды шыңдайды, тәрбиелейді, өмірге бейімдейді. Сондықтан да еңбек адамы қай кезде де қоғамда құрметке лайық.
Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен болашағын қалыптастырып отырған осындай еңбек адамдарын дәріптеу – біздің азаматтық парызымыз. Олар туралы көбірек жазып, олардың еңбегін үлгі ету – жастарды еңбекқорлыққа баулудың бір жолы.
Нұргүл БАЙҚОНЫСОВА,
Қарсақбай кентінің тұрғыны.