Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен несие беріледі

Ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге арттыру мақсатында екі жаңа кредиттік бағдарлама іске қосылады. Жалпы сома – 100 млрд теңге. 50 млрд теңге – асыл тұқымды ірі және ұсақ мал сатып алуға. Тағы 50 млрд – айналым қаражатын қаржыландыруға.

Екі бағдарлама бойынша да жылдық мөлшерлеме –  5%-дан аспайды. Несие ұзақмерзімді және тиімді шарттармен беріледі.