Ұлытау облысында Құрбан айт мейрамына арналған брифинг өтеді
Күні: 2 маусым 2025 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Ұлытау телеарнасы (Өңірлік коммуникациялар қызметі)
Құрметті БАҚ өкілдері мен тұрғындар!
Ұлытау облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне арналған ресми брифинг өтеді. Іс-шара барысында мереке қарсаңындағы дайындық жұмыстары, қауіпсіздік шаралары және әлеуметтік қолдау бағыттары талқыланады.
Брифинг соңында БАҚ өкілдеріне, әлеуметтік желі қолданушыларына https://www.facebook.com/profile.php?id=100086111356862… сілтемесі арқылы сұрақ қою мүмкіндігі беріледі.
Құрбан айт – халқымыздың рухани бірлігін айшықтайтын қасиетті мейрам. Баршаңызды брифингке қатысуға шақырамыз.