Премьер-Министр ҰБТ-ны жоғары деңгейде ұйымдастыру, «соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Елімізде биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның 200 мыңнан астамы – он бірінші сынып оқушысы.
«Биыл екі жүз мыңнан астам бала мектеп бітіреді. Міндет айқын. Барлық емтиханды, ұлттық бірыңғай тестілеуді, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет.

Тестілеу мен емтихан кезінде, «соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Өйткені дәл осы кезеңде түрлі келеңсіз жағдайлардың қаупі арта түседі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.