Адал еңбек – жарқын болашақ кепілі
Еңбек адамы – елдің арқауы, қоғамның тірегі. Қоғам дамуының негізінде қарапайым, бірақ қажырлы еңбекпен алға жылжып келе жатқан жандар тұрады. Олар – күн сайын өз ісіне адал болып, маңдай терімен елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбек адамдары. Олардың еңбегі — көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ маңызы мен ықпалы орасан зор.
Еңбек адамы – еліне деген сүйіспеншілігін әрекетімен дәлелдеген жан. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, медицина, білім беру, мәдениет, транспорт, қызмет көрсету секілді салалардың қай-қайсында болмасын, өз ісіне жан-тәнімен берілген азаматтар бар. Олар таңның атысынан күннің батысына дейін аянбай тер төгіп, мемлекеттің ілгері басуына, халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосып келеді.
Бүгінгі таңда жаңа технология, инновация қаншалықты дамыса да, адам еңбегінің орны ерекше. Жас ұрпақ осындай еңбекке адал, еліне жанашыр жандарға қарап бой түзейді, еңбекке құрметпен қарауға үйренеді. Сондықтан да еңбек адамын ұлықтау – елдігіміздің белгісі, ұрпақ алдындағы борышымыз.
Бүгінгі бейбіт өмірдің, дамудың, тұрақтылықтың іргетасы – дәл осындай еңбеккерлердің күнделікті табанды ісінде жатыр. Еңбек адамдарына құрмет көрсету – тек бір күндік іс-шара емес, ол қоғамның тұрақты мәдениетіне айналуы тиіс.
Еңбегімен елге үлгі болған барша азаматтарға бас иеміз!
Маржан АХАНОВА,
мұғалім.